Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда маймылдар жаңа туған нәрестені ұрлап кетіп, өлтіріп қойған

Опубликовано:

Маймылдар
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда маймылдар үйдің шатырынан кіріп, екі баланы ұрлап кеткен. Бұл оқиға нәрестелердің анасы дәретханаға кеткен кезде орын алған деп хабарлайды ren.tv.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиға Танджавур қаласында болған. Жаңа туған егіз сәбилер қараусыз ұзақ уақыт қалып қоймаған. Дегенмен жабайы маймылдар үйдің шатырын қиратып, ішке кіріп, балаларды алып кетпек болған.

Анасы жануарлардың қолынан бір баланы алып үлгерген. Ал екінші сәбиді маймылдар ұрлап кеткен.

Іздеу жұмыстарына бірнеше адам атсалысқан. Алайда туғанына небәрі сегіз күн болған қыз баланың денесі су арығының маңынан табылған.

Оқиға орнында орман шаруашылығы департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлер кісі өлтіруші маймылды ұстамақ.

Еске сала кетсек, Ресейдің Хабаровск өлкесіндегі Буту өзенінің жоғарғы ағысындағы тайгадан ер адамның денесі табылған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өліміне жолбарыстың шабуылы себеп болған.

Қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін бір топ маман оқиға орнына аттанған.

Сонымен қатар Үндістанда жеті адамды жеп қойған қолтырауын қолға түскенін жазған едік.

Қолтырауын жеті жыл бойы Махадевапура ауылы маңындағы Дев өзенін мекен еткен.

Көбінесе ол өзеннің жағасында кір жуған әйелдерге шабуылдап келген. Соңғы рет жыртқыш 54 жастағы ауыл тұрғынын суға тартып әкетіп, мерт қылған.

Дегенмен ақырында ол мамандар құрған тұзаққа түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899612-undistanda-maimyldar-zana-tugan-naresteni-urlap-ketip-oltirip-qoigan/

pixel