Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табытта жатқан марқұм анасымен суретке түскен ару жұрттың ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Ару
Фото: Reddit

Instagram желісінде танымалдыққа ие ару табытта жатқан марқұм анасының қасында суретке түсемін деп басы бәлеге қалды деп жазады The Sun басылымы.

Белгілі болғандай, бойжеткен Instagram әлеуметтік желісіне табытта жатқан анасымен бірге түскен суретін жариялаған. Ал суреттің астына "Анашым, сені жақсы көремін" деген жазба қалдырған.

Арудың бұл әрекеті қоғамда қызу талқыға түсіп, Reddit қолданушылары оған сын-пікірлерін жаудырған.

"Лайк жинау үшін осындай әрекетке барғаныңыз қалай", "Өте орынсыз сурет", "Менің балаларым табытымның қасында суретке түсіп, желіге жариялайтын болса, о дүниеден қайтып оралып, жандарын шығарар едім", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Десе де, бұл суретке 800-ден астам адам лүпіл басқан.

Ұлыбританиялық бұқаралық ақпарат құралдары да арудың оғаш әрекетіне назар аударған. Себебі, бойжеткен бұл суретімен әлеуметтік желіде резонанс тудырып үлгерген.

Олар нәзік жандының есімін жария етпестен және арудың бет-жүзін көрсетпестен бұл жайт туралы түрлі мақала жариялауға кіріскен.

Бойжеткен
Фото: Reddit / Instagram

Айта кетейік, бұған дейін Аляскада тұратын азамат табытты еске түсіретін көлік ойлап тапқанын жазған едік.

Өнертапқыштың айтуынша, көлік сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен жүйтки алады.

Автокөлік аукционға сатылымға шығарылған. Нәтижесінде қалталы азаматтардың бірі оны 6000 долларға сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901528-tabytta-zatqan-marqum-anasymen-suretke-tusken-aru-zurttyn-asuyn-keltirdi-foto/

pixel