Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқалы мен бәйбішесіне уақытын теңдей бөле алмаған азаматтың басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Той
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанның шығысындағы Джаркханд штатында екі бірдей әйелге үйленіп алған ер адамның басы бәлеге қалды деп жазады odditycentral.com сайты.

Белгілі болғандай, Раджеш Махато есімді азамат әйелі барына қарамастан, тағы да өзге әйелге үйленіп алуды ұйғарған. Бәйбішесі де, тоқалы да бір-бірі туралы мүлде білмеген екен. Раджеш әйелі барын жаңа ғашығынан жасырып қалған.

Десе де оның әрекеті көп ұзамай әшкере болады. Себебі, бірінші әйелі ер адамды іздеп, полицияға жүгінген. Раджешке жасырын тұрмысқа шығып, үйінен қашып кеткен арудың да ата-анасы оған іздеу салады.

Полиция оларды тапқан кезде, екеуі некесін қидырып үлгергені белгілі болады. Салдарынан не істерін білмеген тәртіп сақшылары ер адамды тоқалы мен бәйбішесіне уақытын теңдей бөлуді міндеттейді. Раджеш үш күн алғашқы жарымен, келесі үш күнді екінші әйелімен, ал аптаның соңғы күнін жалғыздықта өткізуі тиіс деп шешіледі. Үшеуі де бұл шешіммен келісіп, ресми келісім құжатына қол қояды.

Алайда оқиға мұнымен аяқтала қоймайды. Бірнеше тәуліктен кейін Раджештің үстінен екінші әйелінен шағым түседі. Ол ер адамды сексуалдық зорлық көрсетті деп айыптайды.

Нәтижесінде Раджеш енді тәртіп сақшыларынан жасырынуға мәжбүр болып отыр.

Айта кетерлігі, алғашқы жары өзінің көзіне шөп салған күйеуіне тәртіп сақшыларынан қашуға көмектескені белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901645-toqaly-men-baibisesine-uaqytyn-tendei-bole-almagan-azamattyn-basy-balege-qaldy/

pixel