Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құпия рейс": Австралия әуе компаниясы белгісіз бағытқа билеттер сата бастады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Австралияда әуе компанияларының бірі белгісіз бағытқа билеттер сата бастады. Билетті сатып алушыға қайда ұшатыны соңына дейін айтылмай, құпия сақталады.

Qantas әуе компаниясы жергілікті сайтта 3 наурыздан бастап құпия билеттер сатылымға шығарылғанын хабарлады.

"Құпия рейске" отырғандар үшін осылайша сапарлары тосынсыйға толы болады деп сендірді әуе компаниясы.

Компания өкілдері мұндай билеттер елдегі туризм мен ұшу көрсеткіштерін арттырады деген үмітте. Наурыздың аяғы мен мамырдың басына дейінгі аралықта үш құпия рейс жасалмақ. Біріншісі Сиднейден, екіншісі Мельбурннан, үшіншісі Брисбеннен белгісіз бағытқа ұшпақ.

Эконом санатындағы билет 575 доллар тұрса, бизнес-санатындағы билет құны - $1232. Бұл ақшаға ұшу шығынынан бөлек тағам мен қонған жердегі экскурсиялық бағдарлама шығыны кіреді.

Барлық рейстер біркүндік болмақ: таңертең ұшып, кешке қайтып оралады (бір бағытқа ұшу уақыты шамамен екі сағатқа созылмақ).

"Сиднейден рейсті тропиканы, тұзды су мен жағажайды ұнататындар таңдағаны абзал, ал Мельбурннан рейсті таза ауаны, шарап пен дәмді тағамдар мен ферма нарығын ұнататындар таңдасын", - дейді әуе компаниясы.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Германия арасындағы тұрақты әуе рейсі қайта жанданатынын жазған едік. Немістің Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына әуе рейстерін қайта орындай бастайтынын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901942-qupiya-reis-asvtraliya-aue-kompaniyasy-belgisiz-bagytqa-biletter-sata-bastady/

pixel