Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог әйелдің денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті азық-түлік өнімдерін атады

Опубликовано:

Диета
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік дәрігер-диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті азық-түлік өнімдерін атады деп хабарлайды Ридус.

Маманның айтуынша, әйелдер тамақтың калориясына мән беруі керек. Өйткені артық салмақ гинекологиялық, онкологиялық ауруларға, бедеулікке әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Наталья Круглова майлы ет, шұжық, жартылай фабрикатталған ет секілді құрамында майы көп өнімдерден бас тартуға кеңес береді. Олар тамақтану рационында күнделікті болмағаны жөн.

Сонымен бірге дәрігер денсаулық пен сұлулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану қағидаттарын ұстану керектігін айтты.

Диетологтың сөзінше, тері жасушаларын жаңарту үшін тамақтану рационына құрамы Е дәруменіне бай өсімдік майлары мен жаңғақтарды қосу керек.

Сондай-ақ көкөніс, жеміс-жидек, дәнді нан сынды тағамдарды тұтыну өте маңызды.

Наталья Круглова теңіз өнімдері мен балықтың майлы сортын, Омега-3 майлы қышқылын тұтыну арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға болатынын айтады.

Ал терінің, тырнақ пен шаштың сұлулығын сақтау үшін А және D дәрумендеріне бай сүт өнімдерін жиірек тұтынған жөн.

Еске сала кетсек, диетолог әрі дұрыс тамақтану қағидалары туралы бірнеше кітаптардың авторы Пуджа Махиджа тәттіге әуестілікпен күресудің оңай әдісін ұсынған еді.

Нутрициологтың айтуынша, тәттіқұмар болуға көбіне ағзада ақуыздың жеткіліксіздігі себеп болып жатады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902211-dietolog-aiel-adamnyn-densaulygy-men-sululygy-usin-en-qauipti-azyq-tulik-onimderin-atady/

pixel