Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WhatsApp кейбір телефондарда жұмысын тоқтатпақ

Опубликовано:

Телефон лежит на записной книжке
Фото: pixabay.com

Whatsapp мессенджері ескірген операциялық жүйесі бар iPhone құрылғыларын қолдауды тоқтатады деп хабарлайды WABetaInfo.

WhatsApp ескі iPhone модельдерінде жұмысын тоқтатады.

iOS-ке арналған қосымшаның соңғы бета-нұсқасында iOS 9 және одан төмен операциялық жүйе орнатылған құрылғыларға қолдау көрсету тоқтатылды. WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар.

Тағы бір жаңалық, пайдаланушы мұрағатқа түскен чаттан жаңа хат туралы хабарлама алады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мессенджер жоғарыда аталған iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке дейінгі операциялық жүйені жаңартпан қолданушылардың құрылғыларында жұмысын тоқтатқан еді.

ТЕстеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902427-whatsapp-keibir-telefondarda-zumysyn-toqtatpaq/

pixel