RU

Әлемдегі ең бай адамның бұрынғы әйелі қарапайым мұғалімге тұрмысқа шықты

1
Фото: Gettty Images/ Taylor Hill / Contributor

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безостың бұрынғы әйелі Сиэтлда жергілікті жекеменшік мектеп мұғаліміне тұрмысқа шықты.

Маккензи Скоттың таңдауы жаратылыстану ғылымдарының оқытушысы Дэн Джуэтке түскен деп жазады РИА Новости америкалық басылым беттеріне сілтеме жасап.

Осыған дейін Безостың бұрынғы әйелі қайырымдылыққа 1,7 млрд доллар жұмсаған еді. Скоттың сөзінше, ол қаражат гендерлік тепе-теңдікті, ЛГБТ құқықтарын қорғау мен демократияны сақтау, климаттық өзгерістердің алдын алумен айналысатын ұйымдарға берілген.

Ал ақшаның ең көп бөлігін ұлтаралық теңдік үшін күресетін ұйым алыпты. Маккензи Скоттың жаңа жары оған қайырымдылық мәселесінде қолдау көрсетеді екен.

"Мен ұзақ уақыт ұстаз болдым. Енді бақытыма орай, өте жомарт әрі мейірімді жандардың біріне үйленіп отырмын. Алдағы уақытта басқаларға көмектесу үшін қаржылай капитал құю ісіне мен де араласамын",- деді оқытушы.

Бұрынғы әйелінің таңдауына қатысты Джефф Безос та пікір білдірді. Ол экс-жұбайының қазіргі күйеуін керемет адам деп есептейді. Безос олар үшін қуанышты.

Басылым ақпарынша, Скотт Безоспен айырылысқан соң әлемдегі ең ауқатты әйел атанды. Олардың ажырасуы ең қымбат процестің бірі ретінде танылды. Жұп 2019 жылы ажырасты. Сарапшылар әлемдегі ең бай адамның бұрынғы әйелінің жағдайын 36 млрд долларға бағалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902429-alemdegi-en-bai-adamnyn-buryngy-aieli-qarapaiym-mugalimge-turmysqa-syqty/