RU

Сәнді киінген ару мерекелік торттың шамдарынан өртеніп кете жаздады

Торт
Кадр: ViralHog

Тортқа шам жағып, атаулы күнді өткізу сәнге айналғалы бері өрттің тұтану жағдайлары да өсіп жатыр. Бұған Вьетнамда түсірілген кезекті видео дәлел бола алады.

Арудың киімі өртеніп кеткен сәттен видеоны ViralHog атты YouTube парақшасы жария етіпті. Видео авторларының айтуынша, оқыс жағдай 1 наурызда Вьетнамның Тхайнгуен қаласында болған.

Аталмыш қалада тұратын ару тортқа шам жағудың қауіпті екенін мүлде ойламаған. Сәнді киініп алып, шамы жағылған мерекелік тортты қолында ұстаған ару әндетуге кіріседі. Алайда бойжеткеннің үстіндегі ұлпа киімі көп ұзамай тұтана бастайды.

Бойжеткен тіпті тұтанған киімінен түтін шыға бастағанын да байқамаған. Киімнен әбден өрт шыққанда ғана әндетуін тотқатқан нәзік жанды шошып калады.

Бұл жайттың немен аяқталғаны белгісіз. Себебі, видео жарты жолдан үзіліп кеткен. Десе де көрікті бойжеткеннің сәнді киімі киюге жарамсыз болып қалғаны анық.

Еске салсақ, бұған дейін ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып бергеннің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қытайда газ баллонынан өрт шыққан кезде лезде әрекет етіп, балаларын оқыс жағдайдан құтқарып қалған аналар көпшіліктің алғысына бөленгенін жазған болатынбыз. Бұл жайттың видеосы желіге тарап, оны көрген желі қолданушылары балаларына қарай жүгірген ержүрек нәзік жандыларға мақтауларын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903054-sandi-kiingen-aru-merekelik-torttyn-samdarynan-ortenip-kete-zazdady-video/