Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды

Опубликовано:

Жер шары
Көрнекі фото: pixabay.com

NASA мамандары мен жапониялық ғалымдар Жер бетіндегі тіршілік қашан жойылатынын есептеп шығарды деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) мамандары Тохо университетінде жұмыс істейтін жапон ғалымдарымен бірге ақырзаманның нақты қай жылы болатынын анықтаған.

Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience ғылыми журналында жарияланды. Онда күн радиациясы миллиард жылдан кейін Жердің атмосферасын толығымен жоятыны жайлы жызлған. Яғни ғалымдар 1 000 002 021 жылы ақырзаман болады деп болжап отыр.

Мамандар зерттеудің дәлдігіне көз жеткізу үшін жерде қай кезде тіршілік жойылатынын кем дегенде 400 мың рет есептеген екен. Айтуларынша, ақырзаманға атмосферадағы барлық оттегінің буланып кетуі себеп болады.

Еске сала кетсек, Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып, дабыл қаққан еді.

Ватикан тарихын зерттеуші Сабрина Сфорца Галиция суретшінің туындыларының біріндегі құпияны ашқанын мәлімдеп, ақырзаман 4006 жылдың 21 наурызында болады деген тоқтамға келді.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан тұрғындары аспанда пайда болған "гало" атты құбылыстың куәсі болды.

Елорда тұрғындары таңғажайып атмосфералық құбылысты таңғы уақытта байқаған. Мұндай құбылыс көбінесе Қазақстанның солтүстік қалаларында ақпан-наурыз айларында пайда болады: күн сәулелері ауада, яғни тропосфераның жоғарғы қабаттарында, 5-10 шақырым биіктікте шағын мұз кристалдарына сынған сәтте осындай құбылыс туындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903360-baq-galymdar-zer-betindegi-tirsilik-qasan-zoiylatynyn-eseptep-sygardy/

pixel