Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйсіз жүрген бұрынғы мұғалімін көріп қалған студент оған 11 млн теңгені сыйға тартты

Опубликовано:

Ер адам
Фото: lenta.ru

АҚШ-тың Калифорния штатында ер адам бұрынғы ұстазының көлікте тұратынын көріп, оған 27 мың доллар (11 млн 314 мың теңге шамасында) сыйға тартқан деп хабарлайды Lenta.ru.

77 жастағы Хосе Вильярруэл ондаған жылдар бойы ауысымдағы мұғалім болып жұмыс істеген. Алайда пандемия басталып, мектептер қашықтықтан оқуға көшкен кезде оның жұмысына деген сұраныс жоғалған. Осыдан кейін ұстаз зейнетке шығуға мәжбүр болыпты.

Өзгелерге қарызы бар Вильярруэлдің жәрдемақысы көпке жетпепті. Уақыт өте келе бұрынғы мұғалім өзінің көлігінде өмір сүре бастаған.

"Менің денем автокөліктегі орындықтың біркелкі еместігіне бейімделді, - деп қалжыңдайды зейнеттегі ұстаз.

Наурыз айының басында ол бұрынғы оқушыларының бірі 21 жастағы студент Стивен Навамен кезігіп қалған. Нава ер адамға 300 доллар сыйға берген. Кейінірек сайттардың бірінде арнайы қор ашып, ұстазына ақша жинауды бастаған.

Көптеген адамды тарту үшін студент мұғалімнің оқиғасын TikTok-та айтып берген.

Осылайша, Нава бір апта ішінде Вильярруэл үшін 27 мың доллар жинап үлгерген. Мұны ол ұстазының туған күнінде табыстаған.

Ер адам қатты таңырқап, болған жағдайға сене алмайтынын айтқан. Енді Вильярруэл мейлінше игі істер жасап, өзіне көмектескен адамдардың үмітін барынша ақтамақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903612-uisiz-zurgen-buryngy-mugalimin-korip-qalgan-student-ogan-11-mln-tengeni-syiga-tartty/

pixel