Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жасында мектеп бітірген қыз бала университетке түсіп, ғарышты игермек

Опубликовано:

Алина Уикер
Алина Уикер. Фото: lenta.ru

АҚШ-та 12 жасар қыз бала мектепті мерзімінен бұрын бітірді. Енді ол университетке түсіп, болашақта ғарышты игергісі келеді деп хабарлайды Lenta.ru.

Аризона штатында тұратын Алина Уикер бала күнінен Lego құрастырумен айналысуда жақсы көрген.

12 жасқа дейін ол орта мектептің бүкіл бағдарламасын меңгеріп алған. Енді дарынды қыз Аризона мемлекеттік университетіне түсіп, білімін жетілдірмек.

Алина астрономия, ғаламшар ғылымы мен химия саласы бойынша білім алғысы келеді. Вундеркинд қыз 16 жасқа келгенде NASA-ға жұмысқа тұрып, ғарышты зерттеу үшін марсоходтарды құрастыруды көздеп отыр.

"Сіздің жасыңыз қаншада екені немесе не жоспарлап отырғаныңыз маңызды емес. Армандаңыз, онымен айналысып, мақсатыңызға қол жеткізіңіз", - дейді кішкентай америкалық.

Еске сала кетсек, Павлодарда тұратын 14 жастағы Аяла Зада туралы жазған едік. Ол қазақ, орыс, ағылшын, неміс және қытай тілдерін біледі.

Одан бөлек, оқушы фортепианода ойнап, лингвистикалық интерференцияның екі шет тілін үйренудегі конструктивті және деструктивті жақтарына арналған ғылыми жоба жазып жүр.

Аяланың сөзінше, адам білімді болса ғана өз мақсатына жете алады. Сол себепті көп тіл білу керек.

Талантты қыз бірнеше тілді үйрену қиын деген пікірмен келіспейді. Полиглоттың сөзінше, алдына мақсат қойған адам жолындағы кедергілердің бәрін еңсеруді үйренуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903715-12-zasynda-mektep-bitirgen-qyz-bala-universitetke-tusip-garysty-igermek/

pixel