Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таксистке қарап жөтеліп, маска тағудан бас тартқан әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Такси
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-та таксистке шабуыл жасап, көлікте маска тағудан бас тартқан әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл оқиға Сан-Франциско қаласында болған.

Әлеуметтік желі беттерінде әйел адамның такси жүргізушісіне қарап жөтеліп, келемеждеп, оны нәсілдік белгісі үшін балағаттаған видеосы тарап кеткен. Роликте сонымен қатар жолаушының ер адамның бетіндегі маскасын тартып, көлік ішінде тұрған телефонын алып қоймақ болғаны көрінеді.

Полицияның хабарлауынша, автокөлік ішінде маска тағудан бас тартқан келіншекке қарақшылық және жүргізушіге шабуыл жасады деген айып тағылған. Сонымен бірге әйелді пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларын бұзды деп айыптауда.

Тәртіп сақшылары бұзақы әйелдің көліктен шықпас бұрын бұрышталған баллонды шашқанын да атап өтті.

Енді келіншек 16 жылға түрмеге қамалып, 3 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания астанасы Лондонның мас тұрғыны коронавируспен ауыратын кейіп танытып, полиция қызметкеріне қарап жөтелген еді. Осы ессіз әрекеті үшін азамат бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ Лондондағы такси жүргізушісі коронавирустан көз жұмған еді. 33 жастағы Айуб Ахтардың дені сау әрі үнемі физикалық формада болған.

Дегенмен, оның көлігіне коронавирус жұқтырғанға дейін әйел адам отырып, арқасынан бірнеше мәрте жөтелген көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904140-taksistke-qarap-zotelip-maska-tagudan-bas-tartqan-aieldin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel