Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 жасқа толмаған балалар үшін арнайы Instagram құрылады

Опубликовано:

Instagram
Көрнекі сурет: shutterstock.com / UGC

Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісі 13 жасқа дейінгі балаларға арналған Instagram нұсқасын жасап жатыр деп жазды Bloomberg басылымына сілтеме жасаған "Хабар 24".

"Жаңа қосымша туралы компанияның ішінде хабарланды, бірақ ол әлі іске қосылмаған", - деді агенттік.

Бүгінгі таңда танымал әлеуметтік желілердің бірі Instagram-да пайдаланушылардың кемінде 13 жаста болуы талап етіледі.

"Біз ата-аналары басқара алатын балаларға арналған жүйені Instagram-ға енгізуді жоспарлап отырмыз, осылайша, балалар достарымен байланыста болады, өздеріне жаңа хобби мен қызығушылық табады", - деді Facebook өкілі Джо Осборн.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі анықталғанын жазған едік.

Statcounter Global Stats мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі атағы Facebook-ке бұйырды. Оның үлесі 69,8 пайызды құраған. Одан кейінгі орындарды Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) иеленген.

Ал елімізде ең танымал әлеуметтік желі Pinterest (32,7%) болып шықты. Одан кейін тізімде үздік бестікке YouTube (20,4%), "ВКонтакте" (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) енді.

Play Market қосымшалар дүкені келтірген мәліметке сенсек, бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар берген бағалауға сәйкес, Pinterest қосымшасы 5 жұлдыздың ішінен 4,6-ке ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904145-13-zasqa-tolmagan-balalar-usin-arnaiy-instagram-qurylady/

pixel