"Анасынан ерте айырылған": Аты аңызға айналған Сталиннің ұлы Василий жайлы не білеміз
Жарияланған күні:
Бүгінде тарих беттерінде қатігездігімен есте қалған билеуші Иосиф Сталиннің жанұясы жайлы ақпарат жетерлік. Олардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан ұлы Василий жайлы көп айтылады. Ендеше, KAZ.NUR.KZ анасынан ерте айырылған Василий Сталин жайлы деректер мен тарих қойнауында сақталған фотосуреттерді назарларыңызға ұсынбақ.
Василий 1921 жылдың 24 наурызында (басқа мәліметтер бойынша – 1920) РКФСР Ұлттар жөніндегі халық комиссары Иосиф Сталин мен аталған ведомство қызметкері Надежда Аллилуеваның отбасында дүниеге келді. Анасынан ерте айырылған ол, өз сөзінше, әкесінің күзетшілерінің арасында тәрбиеленген. Дәл осы жайт оның өмірі мен мінезіне теріс әсер етеді. Атап айтқанда, билеушінің ұлы ерте жасынан ішімдік ішіп, темекі шеге бастайды.
Оқуға қызығушылық таныта қоймаған Василий бұзақылау болып өскен. Ол әскери авиацияға қызығушылық танытып, 1942 жылдың шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Алғаш рет Сталинград майданының 8- әуе армиясының 1- арнайы әуе тобының командирі болып тағайындалады.
Василий қызметтік лауазымдарда тез жоғарылаған. Ал тарихта оның әскери қызметін әркім әрқалай бағалайды. Бірі оны жеке құрамдағы талантты әрі атақты командир ретінде таныса, енді бірі ұшқыштың тиісті біліктілігі болмаған деп есептейді.
Олар дәлел ретінде 1943 жылы мамыр айында болған оқиғаны келтіреді. Онда Сталин өз әкесінің бұйрығымен "немқұрайлығы мен ішімдік ішкені" үшін полк командирі қызметінен алынып тасталған.
Дегенмен, соғыс кезінде Василийдің 26 рет аспанға әскери тапсырмаға көтерілгені даусыз. Әртүрлі дереккөздерге сәйкес, ол люфтваффаның екі-бес ұшағын жеке-жеке жойып жіберген.
1-Белорусский майданының 16-әуе армиясының 286-жойғыш авиациялық дивизиясының командирі қызметінде бас қолбасшының ұлы Берлинді басып алған. Әкесі ұлының атағын көтеру туралы тұрақты ұсыныстарды бірнеше рет қабылдамағанына қарамастан, оған 1947 жылы генерал шені берілген, осылайша Василий Кеңес әскеріндегі ең жас генералдардың бірі болған.
1953 жылы 5 наурызда әкесінің өлімінен кейін Василий бірнеше ағат шешімдер қабылдап, КСРО жаңа басшылығының қуғындауына ұшырады. Соғыс уақытында ұшқыш мінездемесінде көрсетілген қырлары осы уақытта ашыла бастады. Ол өзінің қызба мінезді екенін, кейде өз-өзін ұстай алмай қалатынын аңғартты деп жазады Газета.ru басылымы.
Кіші Сталин бірнеше жылын түрмеде өткізіп, мүгедек болған. Ал бостандыққа шыққан соң оған Мәскеу мен Грузияда тұруға тыйым салынып, шетелдіктер үшін жабық Қазанға айдалып кеткен. Василий онда 1962 жылы 19 наурызда ішімдіктен қайтыс болған. Алайда, бұл нұсқаға сенбейтіндер әлі де көп.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904605-anasynan-erte-aiyrylgan-aty-anyzga-ainalgan-stalinnin-uly-vasilii-zaily-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.