Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде 58 жастағы ғалым әйел алғаш рет нәрестелі болды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейде 58 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге әкелді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

58 жастағы Мария Конова алғашқы перзентін Санкт-Петербургтегі №18 перзентханада босанған.

Өмірге дені сау, салмағы 2,04 келі болатын ұл бала келген. Оған Юрий деген есім беріліпті. Конованың сөзінше, ол алдағы уақытта тағы да балалы болмақ ниетте.

Сонымен бірге, жас босанған әйел осы уақытқа дейін неліктен сәби сүймегенін де айта кеткен. Оның сөзінше, 60 жылдары өмірге келген адамдардың ұлы мақсаттары, армандары мен қызықты істері бар. Осыған байланысты әйел үнемі жұмыста болып, жобалармен айналысып, студенттерге сабақ беріп келген.

Алайда 2019 жылы оның күйеуі әрі математика профессоры балалы болғысы келетінін айтып, Мюнхендегі емханалардың бірінде тексерілуге ұсыныс жасаған.

Неміс дәрігері егде жаста балалы болудың айтарлықтай қауіпті екенін ескертіп, отбасыны бұл ойынан айнытпақ болыпты. Алайда ерлі-зайыпты балалы болудан бас тартпаған.

Дегенмен, неміс дәрігері әйелге Ресейге барып босануға кеңес берген екен. Осылайша, ресейлік дәрігерлер ғалым әйелді аман-есен босандырып алған.

Еске сала кетсек, Семей тұрғыны 51 жасында тұңғыш баласын босанғанын жазған едік. Дәрігерлердің сөзінше, босану процесі сәтті өтіп, жарық дүниеге қыз бала келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904808-reseide-58-zastagy-galym-aiel-algas-ret-naresteli-boldy/

pixel