Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең қымбат торт": Той қонақтарына алып торт ұсынған жас жұбайлар жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Торт
Кадр: Instagram / qaz.stars

Әлеуметтік желіде той қонақтарына ерекше алып торт ұсынған жас жұбайлардың видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram желісінің qaz.stars атты парақшасы TikTok қосымшасында жария етілген ерекше тойдың видеосымен бөлісті. Видеодан жас жұбайлардың хан сарайына ұқсатып жасалған алып тортты кесіп жатқаны байқалады. Ақ түсті әрі ерекше сәнді алып торттан ауыз тиген жас жұбайлар артынша жақындарына тәттіден дәм татқызады.

Видеоны көрген желі қолданушыларының дені мұндай тортқа тапсырыс беруді ысырапқа балап, сын-пікірлерін жаудырды.

"Ең қымбат торт емес, тойдың шығыны деп ойлаймын", "Ысырап", "Осыған берген ақшасын жетімдер мен қарттар үйіне апарып берсе, қандай сауапқа ие болар еді", - деп жазды желі қолданушылары.

Тойдың қай жерде және қашан болғаны белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукке үйленген қазақ жігіті туралы жазған едік. Мальдив аралында өткен аста-төк той украиналық және шетелдік БАҚ беттерінде қызу талқыға түскен.

Одан бөлек, 53 жастағы танымал модель Памела Андерсон төртінші рет тұрмысқа шыққанын жазғанбыз. Оның таңдауы оққағары Дэн Хейхерстке түскен.

Сонымен қатар Оңтүстік Африкада студент өзінен 51 жас үлкен қарияға тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Журналист болып жұмыс істейтін студент немерелері бар ақсақалға ессіз ғашық болып қалғанын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905101-en-qymbat-tort-toi-qonaqtaryna-alyp-tort-usyngan-zas-zubailar-zurtty-tanyrqatty-video/

pixel