Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің "Қыз Жібегі": Ерекше ұзын шашқа ие ару ерлер қауымын тәнті етті

Опубликовано:

Ару
Фото: Instagram/dashik_gubanova

Барнауылдық бойжеткен ұзын шашының арқасында көпшілікке танымал болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Дарья Губанова есімді арудың қолаң шашы мен көз сүрінер көркіне тәнті болған әлеуметтік желі қолданушыларының саны күн санап артуда.

Кезінде құрбысымен бәстесіп шашын қиюды доғарған Дарья бүгінде ұзын шашын ерекше мақтан тұтады. Қазір ол желіде түрлі суреттерімен бөлісіп отырады. Дарьяның Instagram парақшасында 180 мың оқырманы бар.

Дарьяның шашына қайшы жолатпағанына 14 жылдан асқан. 27 жастағы бойжеткен шашын барынша ұзын етіп өсіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін шашын 15 жыл бойы қимаған жапониялық ару туралы жазған едік.

Бойжеткеннің шашы бүгінде 183 сантиметрге дейін өскен. Десе де, ару ұзын шаш танымал болуға көмектескенімен, оның машақаты көптігін жасырмайды. Ол күнде шашына түрлі қымбат жақпамайлар мен маскалар жағатынын, тіпті арнайы диета ұстануға мәжбүр екенін айтады.

Одан бөлек, Вьетнам тұрғыны 80 жыл ішінде шашын бес метрге дейін өсіргенін жазған болатынбыз. Бір қызығы, зейнеткер өмір жасының ұзақтығын шашының ұзындығымен байланыстырады. Айтуынша, көп жасауының құпиясы - шашының ұзын болуында.

Сонымен қатар ресейлік ару әлемдегі ең әдемі қызғылт сары шашты қыз атанған еді. Сырт келбетінің ерекше болуының арқасында Анджелина қазір сұранысқа ие модельдердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905144-reseidin-qyz-zibegi-erekse-uzyn-sasqa-ie-aru-erler-qauymyn-tanti-etti/

pixel