Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антирекорд: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: РИА Новости

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1663 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 244 981-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 356,

Алматы қаласы - 526,

Шымкент қаласы - 47,

Ақмола облысы - 38,

Ақтөбе облысы - 82,

Алматы облысы - 191,

Атырау облысы - 75,

Шығыс Қазақстан облысы - 24,

Жамбыл облысы - 24,

Батыс Қазақстан облысы - 96,

Қарағанды облысы - 93,

Қостанай облысы - 37,

Қызылорда облысы - 13,

Маңғыстау облысы - 13,

Солтүстік Қазақстан облысы - 21,

Түркістан облысы - 7.

Естеріңізге сала кетейік, кеше орталық коммуникаицялар қызметінде өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау министрі елімізде 2020 жылғыдай қатаң локдаун енгізіле деген сауалға жауап берді.

Сонымен қатар, Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдары туралы сөз қозғады.

Оның сөзінше, бүгінде COVID-19-дың штамын анықтауға арналған ПТР-тестің жаңа әдістемесі енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы референс-зертханалары бар өңірдегі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың сынамасын зерделеп шыққан.

"Соның нәтижесінде коронавирустың "британдық", "оңтүстік африкалық" және "бразилиялық" штамдардың ықтимал мутациясы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде анықталды", – деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905465-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/

pixel