Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесіне пышақтың қадалғанын бір жыл бойы білмей келген жігіт дәрігерлерді таңырқатты

Опубликовано:

Жігіт
Фото: DXND Kidapawan

Филиппинде 25 жастағы жігіт кеуде тұсына пышақтың жүзі қадалғанын бір жыл бойы білмей келген деп хабарлайды Филиппин ақпарат агенттігі.

Кидапаван қаласының тұрғыны Кент Райан Томао пышақ жарақатын алғанын бір жылдан астам уақыт мүлде байқамай келген.

Жұмысқа орналасу үшін медициналық тексерістен өткен азамат өз көзіне өзі сене алмаған. Айтуынша, рентген нәтижесі оның кеуде тұсында пышақтың 10 сантиметрлік жүзі қадалып тұрғанын көрсеткен.

Тау-кен өндірісімен айналысатын компания басшылығы жігіттен жұмысқа орналасуы үшін рентгенге түсуін сұрамағанда, ол кеудесіне пышақ қадалғаны жайлы білмей жүре беретін еді.

Кейін Кент бір жылдан астам уақыт бұрын белгісіз азамат оған мотоциклде отырғанында шабуыл жасағанын есіне түсірді. Ол сол кезде бейтаныс азамат оны жай ғана ұрып жіберді деп ойлаған. Кент емханаға жүгінгенде дәрігер жарақат орнын рентгенге түсірместен тігіп жібере салған екен.

Ауыр жарақат алғанын мүлде сезбеген жігіт, тіпті бір жыл ішінде айтарлықтай ауырсынуларды сезінбегенін айтады. Оны ештеңе мазаламаған екен, тек суық ауа райында кеудесі шаншып жүрген. Алайда Кент бұған мән бермей келіпті.

Бүгінде Кент кеудесіндегі пышақты алып тастау үшін ота жасатпақ. Ал жарақатын жіті тексерместен тіге салған дәрігерді жігіт сотқа бермейтінін айтуда.

Ол ақ халаттының салғырттығына кешіріммен қараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905688-keudesine-pysaqtyn-qadalganyn-bir-zyl-boiy-bilmei-kelgen-zigit-darigerlerdi-tanyrqatty/

pixel