Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тіріліп кететініне сенген жас жігіт өзін тірідей көмдіріп тастады

Опубликовано:

Көр
Фото: Facebook.com / ZambiaReports

Замбияда 22 жастағы жігіт өзін тірідей көмуге өзгелерді көндіріп, ақыры көз жұмды деп хабарлайды Zambia Reports.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, Джеймс Сакала есімді жас жігіт өзінің балгер екеніне және тіріліп кете алатынына сенген.

Ақыры өзгелерді де бұған сендірген азамат өзін тірідей көмдірткізеді.

Жергілікті шіркеуде қызмет ететін жігітті оның әріптестері жерлеуге келіскен екен. Алайда Джеймстің сенімі ақталмай, ол көрден тіріліп шыға алмаған.

Белгілі болғандай, 21 наурыз күні марқұм әріптестерін жинап, өзіне үлкен көр қазуды сұраған. Бұл өтінішіне көбі келіспегенімен, ол үш әріптесін көндіре алыпты.

Тіпті Джеймстің өзі де көрді қазуға атсалысқан көрінеді. Ол барлық әріптестерінен тірілуі үшін көрдің маңында діни ән айтып, оның көрден өздігінен шығу сәтін күте тұруын сұрайды.

Бүгінде жергілікті полицейлер жігітті көмуге келіскен үш күдіктіні іздестіріп жатыр. ы ұйғарады. Өкінішке қарай, олар Джеймсті алып шыққанда тым кеш болған. Ол дем алмай жатқан.

үгінде жергілікті полицейлер жігітті көмуге келіскен үш күдіктіні іздестіріп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Instagram желісінде танымалдыққа ие ару табытта жатқан марқұм анасының қасында суретке түсемін деп басы дауға қалғанын жазған едік.

Бойжеткеннің бұл әрекеті қоғамда қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары оған сын-пікірлерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905699-tirilip-ketetinine-sengen-zas-zigit-ozin-tiridei-komdirip-tastady/

pixel