Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

All inclusive: 200-ге жуық саяхатшыға Грекияда тегін демалуға жолдама берілмек

Опубликовано:

Родос
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нидерланд үкіметі тәжірибе жүргізу мақсатында екі жүзге жуық саяхатшыны Грекияға тегін демалуға жібермек деп хабарлайды Daily Mail.

Белгілі болғандай, тегін жолдамаға ие болған саяхатшылар All inclusive жүйесі бойынша демала алады.

Яғни тамақтан бастап, қонақүйде тұруына дейін бәрі тегін болмақ. Мұндай тәжірибені голландиялық туристік фирма жүргізетіні белгілі болды.

187 саяхташыға Грекияның Родос түбегінде тегін демалуға мүмкіндік беретінін мәлімдеген фирма тәжірибенің мақсаты не екенін нақтылады.

Айтуларынша, олар бұл тәжірибе арқылы пандемия жағдайындағы туризмнің мүмкіндіктерін анықтауды мақсат етіп отыр.

Тәжірибеге қатысқысы келетіндерге қойылатын талаптар келесідегідей:

Саяхатшылар орналастын қонақүйде тек голландтықтар тұратын болады. Туристерге демалыс аймағынан өзге жерге шығуға тыйым салынады.

Еліне қайтып оралған саяхатшылар онкүндік карантинде болады.

Жолдамаға кез келген Нидерланд тұрғыны ие бола алады. Тек ол кәмелет жасына толған болуы керек және жасы 70-тен аспаған болуы тиіс. Одан бөлек, басты талаптардың бірі - саяхатшы коронавирус жұқтырмаған болуы шарт.

Бүгінгі таңда тәжірибеге қатысуға ниет білдірушілердің саны 25 мыңнан асқан. Олардың бәрі қойылған шарттармен келісіп, тәжірибеге қатысуға өтінім білдірген.

Айта кетейік, бұған дейін Австралияда әуе компанияларының бірі белгісіз бағытқа билет сата бастағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905700-all-inclusive-taziribesi-niderland-ukimeti-200-ge-zuyq-sayaxatsyny-grekiyada-tegin-demaldyrmaq/

pixel