Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептен шығып қалған жеткіншек 11 жасында әлемдегі ең кішкентай мейрамхана иесі атанды

Опубликовано:

Омари МакКуин
Омари МакКуин. Фото: Omari Goes Wild / YouTube

Лондонда тұратын 12 жастағы Омари МакКуин әлемдегі ең кішкентай мейрамхана иесі атанып, өзінің аспаздық кітабын жазып шыққан деп хабарлайды Lenta.ru.

Ежіктеп оқуына байланысты оқу мен жазуда қиындықтарға тап болған Омариді жеті жасында-ақ мектеп мұғалімдері оқытудан бас тартқан.

Дегенмен, Омаридің тамақты жақсы дайындайтынын білген ата-анасы аса қатты уайымдамаған.

Жеткіншектің анасы жиі ауырып, әкесі үнемі жұмыста болғандықтан, ол ұлын тамақ пісіруге үйреткен. Омари отбасы мүшелеріне күн сайын қуана-қуана ас дайындапты. Бастапқыда әкесі рецепт жазылған кітаптарды сатып алып жүрген. Кейінірек, баласын аспаз техникумына түсіруге дайындапты.

Осылайша, отбасынан қолдау тапқан жасөспірім YouTube-та канал ашып, желіде танымал бола бастайды.

11 жасында Омари Лондондағы фудмоллдың директорына жүгініп, өзінің мейрамханасына қаржы бөлуін сұраған.

Оған бір аптаға өз мейрамханасын ашып, жалдау ақысын төлемеуге мүмкіндік берілген. Соның арқасында жеткіншек әлемдегі ең кішкентай мейрамхана иесі атанған.

2021 жылдың наурыз айында Омари алғашқы аспаздық кітабын шығарған екен.

Жасөспірімнің сөзінше, кез келген адам тамақ пісіріп үйрене алады. Айтуынша, бастапқыда ол макаронды да дұрыс қайната алмаған көрінеді.

Бүгінде Омари CBBC телеарнасында жеке өзінің аспаздық шоуын жүргізеді.

Сондай-ақ ол көбірек табыс тауып, науқас ата-анасына қарауға мәжбүр балаларға көмек көрсетуді армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906221-mektepten-sygyp-qalgan-bala-11-zasynda-alemdegi-en-kiskentai-meiramxana-iesi-atandy/

pixel