Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгелердің көмектесетінін күтпеген үйсіз азамат көз жасын тыя алмады

Опубликовано:

Жігіт
Кадр: Daily Mail

АҚШ-та үйі жоқ азамат қайырымды жандарға деген шексіз алғысын айтып, көз жасын тоқтата алмады деп хабарлайды Daily Mail.

Бұл жайт АҚШ-тың Коннектикут штаты Нью-Хейвен қаласында болған.

Белгілі болғандай, Майк есімді үйі жоқ азамат Филипп Ву есімді жігітке көлігінің әйнегін ақшаға жуып беру қызметін ұсынған.

Филипп Майктың бұл қызметінен бас тартып, орнына көлікте бірде түстенуді ұсынады.

Көлікте үйсіз азаматты әңгімеге тартқан ол Майктың өміріндегі қиындықтары туралы сұрастырады.

Ағынан жарылған ер адам еңбектеніп, қаражат тауып, өмірін түбегейлі өзгерткісі келетінін, алайда жоқшылықтың азабын тартып жүргенін айтып береді.

Филипп Майк туралы интернетте жазба жариялап, қайырымды жандардан оған көмектесуін сұрайды. Нәтижесінде көпшілік үйі жоқ азаматқа 17 мың доллар қаражат жинап берген.

Филипп Майкпен тағы да кездесіп, оған жиналған қаражатты береді. Ал өз көзіне сене алмаған Майк жылап жібереді.

Мейірімді жандар бұл қаражат Майктың өмірін жақсы жаққа өзгертуіне көмек болады деген үмітте.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда карантиннен жұмыссыз қалып, подъезде күнелткен жігіттің өмірі бір сәтте өзгергенін жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ-та жүрегі кең жігіт шалбары болмай, тоңып тұрған үйсіз азаматқа өз шалбарын шешіп бергенін жазған болатынбыз.

Бұл жайтты ер адамның әйелі видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906262-ozgelerdin-komektesetinin-kutpegen-uisiz-azamat-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel