Таразда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандай мерекелік іс-шаралар өтуде
Жарияланған күні:
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әр сенбі күні кешке Тараз қаласының тұрғындарына мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Күздің екінші айына дейін жалғасын табатын мұндай іс-шаралады нақты қай жерлерде тамашалауға болатынын материалдан оқыңыз.
1 сәуірінен бастап әр сенбі күні кешкі уақытта қала саябақтары мен қоғамдық орындарында түрлі концерттік бағдарламалар, көрмелер, спорттық ойындар өткізілуде. Қала тұрғындары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан бұл мерекелік іс-шараларда бос уақытын көңілді өткізу мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Іс-шаралар барлығы 21 орында өткізіліп жатыр.
Іс-шаралар қай жерде өтуде:
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы;
2) Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай ашылған Тараз қаласының орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені;
3) Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ;
4) Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы;
5) «Жастар» аллеясы;
6) «Қазақ халқына мың алғыс» монументі;
7) «Даңқ» аллеясы;
8) «Төрткөл» керуен сарайы;
9) «Мамыр» тоғайы;
10) Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі;
11) Төле би ескерткішінің маңы;
12) Абай Құнанбайұлы ескерткішінің маңы;
13) Жамбыл Жабаев ескерткішінің маңы;
14) Пушкин ескерткішінің маңы;
15) Есенин ескерткішінің маңы;
16) «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары;
17) «Қамұқат»;
18) «Қант зауыты» алқабы;
19) 15 мөлтек ауданы;
20) Қаратай Тұрысов көшесі;
21) «Sulpak» сауда үйінің алды.
Қандай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда:
- «Қос ішектің күмбірі!» күй тартысы;
- «Менің Отаным-Қазақстан» патриоттық әндер шеруі;
- «Әжелер тағылымы» байқауы;
- «Өнегелі отбасы-2021» байқауы;
- «Ұлттық өнер-сарқылмас қазына» шеберлік көрмесі;
- «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» концерттік бағдарламасы;
- «Туған жерім-Қазақстан» шығармашылық қолөнер көрмесі;
- Тоғызқұмалақ пен асық ату ойынынан жарыс;
- Кітап көрмесі және өзге де іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, мұндай мерекелік іс-шаралар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906355-tarazda-tauelsizdiktin-30-zyldygyna-orai-qandai-merekelik-is-saralar-otude/