Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыртқаны дайындаудың ең тиімді әдісі: Диетолог кеңесі

Жарияланған күні:

Жұмыртқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық диетологтар қоғамының нутрициологы Ольга Деккер жұмыртқаны дайындаудың ең тиімді әдісін атады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған деп хабарлайды lenta.ru.

Диетолог ДДСҰ-ның тәулігіне немесе аптасына неше жұмыртқа тұтынуға болатынына қатысты ешқандай шектеулер қоймағанын айтады.

Десе де, маман килокалория тұрғысынан алғанда нормадан аспаған абзал деген пікірде. Сонымен қатар ол рациондағы ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың тепе-теңдігін ескеру қажет екенін алға тартты.

Мәселен орташа пісірілген бір жұмыртқаның құрамында 5,51 грамм ақуыз және 68 килокалория бар.

Сондықтан нутрициолог жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатпауға және қуырмауға кеңес береді. Себебі ұзақ қуырылған немесе қайнатылған жұмыртқадан ақуыз нашар сіңеді екен.

Таңертеңгілік асқа күн сайын жұмыртқа жегіңіз келсе, тек тауықтың ғана емес, үйректің, бөдененің және қаздың жұмыртқасын алма кезек жеп отыруға болады дейді маман. Айтуынша, бұл әдіс жұмыртқаны күнде жеуден жалықпауға мүмкіндік береді.

Диетологтың сөзіне сенсек, холестеринге бола, жұмыртқадан бас тартудың қажеті жоқ.

"Холестериннің 80 пайызы бауырда өндіріледі. Тек 20 пайызы ғана тамақтануға байланысты. Сол себепті жұмыртқадан холестерин көтерілмейді", - дейді Ольга Деккер.

Маман сарыуыздың қаупі туралы аңызды да жоққа шығарып, оның құрамында метаболизмді қалыпқа келтіретін лецитин бар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1907086-zumyrtqany-daiyndaudyn-en-tiimdi-adisi-dietolog-kenesi/