Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамақтану барысында артық салмақ жинамаудың үш жолы

Опубликовано:

Тамақтану
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетолог Ирина Бережная тамақтану барысында салмақ жинап алмаудың үш жолын атады. Ол бұл туралы Sputnik радиосының эфиріне берген сұхбатында сөз еткен.

Маманның айтуынша, тамақтану барысында айналаңыздағы дүниелерге мән берудің өзіндік әсері бар. Мәселен, тамақтану кезінде жан-жаққа көп назар аударатын адамдар тезірек салмақ жинап алады деп санайды Ирина.

"Сізге тамақтану кезінде теледидар көрудің, музыка тыңдаудың қажеті жоқ. Осылайша ғана сіз тамақтанудан барынша ләззат алып, тағамның дәмін толыққанды сезінесіз. Одан бөлек асықпай, баяу тамақтану тағамды қажет мөлшерде ғана жеуге мүмкіндік береді", - дейді ол.

Маманның пікірінше, тағы бір жаман әдет - ол жолда жүріп келе жатып тамақтану. Мұндай жағдайда адамдар тойғанын сезбейді екен. Оның үстіне тамақты нашар шайнап, үлкен кесектермен жұтады дейді маман.

Ирина осындай зиян әдеттерден арылу тамақтану кезінде артық салмақ жинап алу мүмкіндіктерін азайтатынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін диетолог әрі дұрыс тамақтану қағидалары туралы бірнеше кітаптардың авторы Пуджа Махиджа тәттіге әуестілікпен күресудің оңай әдісін ұсынғанын жазған едік.

Одан бөлек, диетолог Рейчел Пол артық салмақтан арылғысы келетіндерге көмектесетін жеті әрекетті атағанын жазған болатынбыз. Дәрігер артық салмақтан арылу жолында адамдарға өзін қинайтын әрекеттерге бармауға кеңес берді. Айтуынша, арықтау үшін дұрыс тамақтануды бір жүйеге келтіру ашығудан гөрі тиімдірек болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1907114-tamaqtanu-barysynda-artyq-salmaq-zinamaudyn-us-zoly/

pixel