Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшпек

Опубликовано:

Күнтізбе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жапония үкіметі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін төрт күндік жұмыс аптасына көшуді қарастырып жатыр деп хабарлайды "Хабар 24".

Жапония билігі жұмыс уақытының қысқаруы пандемиядан зардап шеккен елдің туризм саласына да ықпал етеді деп болжап отыр. Daily Mail басылымының ақпаратына сәйкес, Жапония бір ай бойы "үш күндік демалыстың таңдамалы жүйесін" тексеріп көрмек.

Ел үкіметі адамдар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек екеніне баса назар аударуда. 2019 жылы Microsoft Japan компаниясы төрт күндік жұмыс аптасына қатысты тәжірибе жүргізді. Ол кезде әдеттегіден 40 пайызға көп жұмыс істеліп, өнімділіктің жоғарылауы байқалған.

Еске салсақ, бұған дейін Испания үкіметі елде төрт күндік жұмыс аптасын енгізудің ұлттық пилоттық жобасын бекіткен болатын. Үш жылға созылатын тәжірибеге 50 миллион еуро бөлінген.

Билік жұмыс аптасын 40-тан 32 сағатқа дейін қысқартатын, бірақ қызметкерлерінің жалақысын азайтпайтын компанияларды қаржылай қолдауды жоспарлап отыр.

Пилоттық жоба Más País партиясының бастамасымен жасалған. Партия басшысы Иньго Еррегонның сөзінше, бұл бастама кәсіптің кірісін төмендетпей, еңбек өнімділігін арттыруға арналған.

Иньго Еррегон пилоттық жоба компанияларға төрт күндік жұмыс аптасының артықшылықтарын көрсетіп, оларды үкіметтің қолдауынсыз осындай режимге өз бетінше ауысуға итермелейді деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1907142-tagy-bir-memleket-tort-kundik-zumys-aptasyna-kospek/