Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мекенжайдан қателескен ер адам бөтен қызға үйлене жаздады

Опубликовано:

Жас жұбайлар
Көрнекі фото: pixabay.com

Индонезиядағы Орталық Ява аймағында ер адам мекенжайдан қателесіп, өзге біреудің қалыңдығына үйлене жаздады деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, келеңсіз жағдай Google Maps-тің қателігінен орын алған.

Күйеу жігіттің жанындағылар той рәсімі өтетін орынды Google картасының көмегімен таппақ болған. Алайда жүйедегі қателіктер салдарынан олар көрші ауылдан бір-ақ шығыпты.

Ол жерде де үйлену тойы өтіп жатқаны, десе де күйеу жігіттің кешігіп жатқаны белгілі болған. Отбасылық мерекеге жиналғандар жастарды жақсы қарсы алған.

Дегенмен қалыңдықтың туыстарының бірі әңгімелесу барысында қателік кеткенін түсінген. Осылайша, өзге бойжеткенмен шаңырақ құра жаздаған жігітке дұрыс жолды көрсетіп жіберген екен.

Еске сала кетсек, Қытайдың Цзянсу аймағындағы Сучжоу қаласының тұрғыны ұлының үйлену тойы кезінде қалыңдықтың бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған туған қызы екенін білген еді.

Сонымен бірге ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене желі қолданушыларының сынына ұшыраған болатын.

Сонымен қатар австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған болатын.

35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1907392-mekenzaidan-qatelesken-er-adam-boten-qyzga-uilene-zazdady/

pixel