Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент тапсырмасы: Түркіменстанда алабай асыраушыларға ұн береді

Опубликовано:

Алабай лежит на земле
Иллюстративное фото: pixabay.com

Түркіменстанның Мары қаласында алабай итін асыраушыларға ұн таратады. Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады деп жазды Centralasian.org.

Ит асыраушылар ай сайын жеті келі ұн алып отырады. Ол үшін тұрғындар ветеринар кітапшасын жергілікті мемлекеттік дүкендерге өткізуі тиіс. Мәліметті мемлекеттік дүкендердің қызметкерлері растады.

Мары билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Алабай итін асыраушылар сол арқылы билік ел аумағында қанша алабай барын анықтағысы келеді деп топшылайды. Билік алабайды тартып ала ма деп қауіптенетіндер де бар.

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов алабай тұқымын зерттеуші ретінде танымал, ал оның ұлы Сердар халықаралық "түркімен алабайы" қауымдастығын басқарады.

Елде түркімен алабайының мерекесі тойланады, сұлулық байқаулары ұйымдастырылады. "Ең айбарлы түркімен алабайы" атағы да бар.

Бұған қоса, президент Гурбангұлы Бердымұхамедов алабай туралы кітап жазып, иттің осы түріне арнап өлең жазады, ән шырқайды. Түркіменстан астанасында алтын алабай монументі орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908387-prezident-tapsyrmasy-turkimenstanda-alabai-asyrausylarga-un-beredi/

pixel