Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Македонияда екі басты бұзау туды (видео)

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: sev.tv

Солтүстік Македонияның Битола қаласының маңында орналасқан шаруашылық иесі Васко Петровскидің сиыры екі басты бұзау туды деп жазады sev.tv.

"Таңертең сиырдың туайын деп жатқанын естідік. Ал екі басты бұзауды көргенде қатты таңғалдық. Тез арада мал дәрігерін шақырдық, ол мұның қалыпты жағдай екенін айтты. Бұзау қалыпты өсіп келе жатыр", - дейді Васко Петровски.

Шаруа бұзауды өзі өсіретінін айтады. Алайда, мамандардың сөзінше, полицефалия немесе бірнеше басы бар жануарлар ұзақ өмір сүрмейді.

Айта кетейік, сәуір айының басында осыған ұқсас жағдай Канаданың Онтарио провинциясында Джефф Милхаузеннің фермасында болған еді. Дегенмен ол екі басты бұзауды улап өлтірген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 20-ға жуық түйенің өлексесі табылған еді.

Жануарлардың өлексесі 20 сәуірде Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты "Көсе" деген жер, ел ішінде "Досхана қорасы" аталып кеткен жер) табылған.

Мамандардың айтуынша, түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.

"Қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген. Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр", – дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1909157-soltustik-makedoniyada-eki-basty-buzau-tudy/

pixel