Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британдықтар үй жағдайында жұмыс істейтін мүмкіндігі жоқ жандарға ерекше офис ойлап тапты

Опубликовано:

Кеңсе22
Фото: Хабар24

Лондонда өнертапқыштар ерекше карантиндік кеңсе ойлап тапты деп хабарлайды Хабар24.

Жоба авторы мобильді кеңсе пандемияның кесірінен қашықтан жұмыс істеуге көшкендер үшін таптырмас дүние екенін айтады.

Мәселен, модульді капсуланың ішінде жұмыс істеуге өте ыңғайлы атмосфера болғандықтан үй шаруасына елеңдемей жұмыс істеуге болады.

Жоба ұйымдастырушысы Томасо Боаноның сөзінше, мұндай идея 2020 жылы жарияланған бірінші локдаун кезінде пайда болған. Жуырда ғана құрылған фирма қазірдің өзінде шет елдерден де тапсырыс ала бастаған.

"Кеңсені сатып алған алғашқы адамның екі баласы бар. Үй жағдайында жұмыс істейтін мүмкіндігі жоқ", - дейді Томасо Боано.

Тағы бір тұтынушының сөзінше, Ұлыбританияда жақын арада офлайн жұмыстың басталуы екіталай.

"Мен бір бөлменің ішінде тамақтанып, спортпен шұғылданып, демаламын. Нәтижелі жұмыс істеуім үшін бар назарымды сүйікті ісіме аудару үшін кеңістікті өзгертуім керек", - дейді тұтынушы Элин.

Биіктігі 2,5 метр капсуланы алғандардың барлығы жоба авторына ризашылығын білдіріп жатыр. Көбі кеңсесін бақшасында орналастырған. Дизайнерлер болса тұтынушының қалауына қарай кеңесенің қаптауышын өзгерте алатынын айтады. 

"Кеңсені түрлендіріп жасап бере аламыз. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша түсі де әртүрлі болуы мүмкін. Тұтынушының талғамы ескеріліп отырады", - дейді жоба сәулетшісі Йонас Присмонтас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1909462-britandyqtar-ui-zagdaiynda-zumys-isteitin-mumkindigi-zoq-zandarga-erekse-ofis-oilap-tapty/

pixel