Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құзда отырып қоңырау қабылдаймын": Тапқыр жігіт қашықтан жұмыс істеудің ерекше тәсілін ұсынды (фото)

Опубликовано:

Құз
Кадр: "Хабар 24"

Ұлыбританияда 34 жастағы азамат қашықтан жұмыс істеудің өзгеше тәсілін ойлап тапты деп хабарлайды Хабар 24.

Джейсон Гриффин есімді британиялық азамат Ирландия теңізінің жағасындағы жартастың жиегінде отырып, жұмыс істеуге әдеттенген.

Оның айтуынша, бұл коронавирус дерті таралған бүгінгі кезең үшін ең жайлы жұмыс орны. Тып-тыныш әрі әдеттегі кеңселердегідей көп адам жоқ. Тек теңіз шуы мен құстар үні естіліп тұрады.

"Жартаста салбырап тұрған кеңседе күні бойы жұмыс істеймін. Осы құзда отырып қоңырауларды қабылдаймын, әріптестермен сөйлесемін. Осылайша, қашықта жұмыс істеудің жаңа үлгісін көрсетіп отырмын", - дейді қоңырау шалу орталығының кеңесшісі Джейсон Гриффинс.

Диджитал стратег Ейд Маккорманың сөзінше, қазір адамдар бір кеңсеге байланып жұмыс істегісі келмейді.

"Ең бастысы интернетің, технологияң және әрине, ноутбугың болса жеткілікті. Бәріміз цифрлық цунамидің келе жатқанын ғана көрдік, бірақ COVID-19 түрінде биологиялық цунамидің келе жатқанын аңғармай қалдық. COVID-19 – индустриялық дәуірдің аяқталғанын білдіретін бейресми рәсім. Қашықтан жұмыс істеу бұрыннан күн тәртібінде тұрған болатын. COVID-19 осы үдерісті 10 жылға тездетті", - дейді Ейд Маккормак.

Еске салсақ, бұған дейін Жапония үкіметі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін төрт күндік жұмыс аптасына көшуді қарастырып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910228-quzda-otyryp-qonyrau-qabyldaimyn-tapqyr-zigit-qasyqtan-zumys-isteudin-erekse-tasilin-usyndy-foto/

pixel