Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін өз үйінде мылтықпен атып өлтірген келіншек түрмеден босап шықты

Опубликовано:

Фото
Фото: ru.euronews.com

Түркияда өз күйеуін аң аулайтын мылтықпен атып өлтірген келіншек түрмеден босап, екі қызымен қауышты. Мелек Ипек есімді әйел осы жылдың қаңтар айында жолдасын үйдегі кезекті жанжалдардың бірінде мылтықпен атып жіберген еді. 30 жастағы келіншектің айтуынша, ол бұл әрекетке марқұм күйеуі аяусыз ұрып, екі қызын өлтіремін деп қорқытқан соң барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ru.euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Түркиялық Мелек Ипектің оқиғасы көптеген шетелдік БАҚ назарына іліккен болатын.

Жылдар бойы қатыгез күйеуінен таяқ жеп келген келіншек кезекті жанжалдардың бірінде оны аң ататын мылтықпен атып өлтірген. Сотта келіншек мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барғанын айтқан.

Анталия соты әйелдің көп жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін ескеріп, оны босатуды жөн көріпті. Бұған қоса олар Мелек Ипектің екі қызының сөзіне құлақ асқан.

Бүлдіршіндер марқұм әкелерінің анасына ғана емес, оларға да қол көтергенін жасырмай айтыпты. Осылайша Түркия соты екі баланың анасы өз-өзін қорғау мақсатында күйеуіне оқ атты деп, әйелді темір тордан босатты.

"Менің басымнан кешкенімді ешкімге тілемеспін. Мен ешқашан марқұм күйеуіме өлім тілеген емеспін және өмірімде мұндай жайт орын алады деген дүние, үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Мені қолдаған, жанымда болған адамдарға алғыстан басқа айтарым жоқ", - деп көзіне жас алды келіншек.

Айта кетерлігі, түрік прокуратурасы әйелге жұбайының өмірін қиғаны үшін 6 жыл бас бостандығынан айыру қажеттігін мәлімдеген еді.

Естеріңізде болса, бір ай бұрын Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту туралы Еуропа Одағы Конвенциясынан шығу туралы бұйрыққа қол қойған болатын. We Will Stop Femicide ҮЕҰ мәліметінше, тек былтырғы жылы Түркияда 300-ден астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910491-kuieuin-oz-uiinde-myltyqpen-atyp-oltirgen-kelinsek-turmeden-bosap-syqty/

pixel