Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте белгісіз біреулер қайырымдылық жәшігіне 50 мың доллар салып кеткен (фото)

Опубликовано:

Ақша
Фото: centralasia.media

Өзбекстан астанасы Ташкентте Korzinka супермаркеттер желісінің біріндегі қайырымдылық жәшігіне бәзбіреулер 50 мың доллар көлемінде ақша салып кеткен деп хабарлайды centralasia.media.

Бұл туралы әлеуметтік желіде дүкен иесі Зафар Хошимов хабарлаған.

"Бүгін біз қайырымдылыққа арналған кезекті жәшікті ашып, ақшаны санап, оны бір шетке қойдық. Одан бөлек, қораптан оннан астам ақ конверт шықты. Оларды ашқан сәтте жалпы сомасы 50 000 доллар болатын купюраларды көрдік", - дейді ол.

Хошимовтың сөзінше, қасиетті Рамазан айында белгісіз адамның ауыр сырқат балаларға жасаған жомарттығы оқиғаға куә болғандардың сенімін күшейткен.

Сондай-ақ, кәсіпкер барлық қаражат "Эзгу амал" қайырылымдық қорының шотына аударылатынын айтты. Бұл қор онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетеді.

ақша
Фото: centralasia.media

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тартқанын жазған едік.

Белгілі болғандай, екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған. Айтуынша, Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырады. Алайда тапқаны пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды екен.

Ол балаларының болашағын ойлап, уайымға салынып жүргенде күтпеген жерден үйлі болған.

Айта кетсек, қайырымды істің бастамашысы болған "Нәр-Тамшы" қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол осыған дейін 10-ға жуық отбасының үйлі болуына себепші болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910627-taskentte-belgisiz-bireu-qaiyrymdylyq-zasigine-50-myn-dollar-qaldyryp-ketken-foto/

pixel