RU

Коронавирус жұқтырса да үйлену тойын өткізген жігіт бірден карантинге кетті (видео)

Жастар
Видеодан кадр: Хабар 24

Үндістанда күйеу жігіттің коронавирус жұқтырғанына қарамастан үйлену тойы өткен деп жазады Хабар 24.

Шара бірнеше ай бұрын жоспарланғанымен, бірер күн бұрын күйеу жігіт вирусты жұқтырып алған. Күйеу баланың дерті жеңіл түрде болғандықтан жанұя тойды кейінге қалдырмауды шешеді.

Бірақ дәстүрлі меркелік киімнің орнына жас жұбайлар некелерін арнайы костюм киіп, бетперде тағып қиды. Тойға шақырылған қонақтар да осылай сақтанды. Жастар некесін қия салысымен карантинге кеткен.

Айта кетейік, Үндістанда қазір індетке қарамастан үйлену тойын өткізуге рұқсат етілген.

"Біз күйеу баланың вирусты жұқтырып алғаны жайлы естіп, тойды тоқтатамыз деп ойлағанбыз. Бірақ қыз-жігіттің ата-анасымен сөйлесе келе, үйлену тойын қорғаныш киімімен өткізуге рұқсат бердік", - дейді жергілікті билік өкілі Навин Гарг.

Еске сала кетсек, бұған дейін австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтергенін жазған едік.

35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.

Салтанатты рәсім кезінде қалыңдық v-пішінді ақ көйлек, күйеу жігіт ақшыл сары түсті классикалық үлгідегі костюм киген. Жұбайлар маска режимін де сақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910634-koronavirus-zuqtyrsa-da-uilenu-toiyn-otkizgen-zigit-birden-karantinge-ketti-video/