RU

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға тегін сыра берілмек

Сыра
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында коронавирусқа қарсы екпе алған ересек тұрғындарға тегін сыра беріледі деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұл туралы штаттың губернаторы Фил Мерфи мәлімдеген. Оның сөзінше, мамыр айында екпе салдырған әрбір ересек адамға бір бокал сырадан беріледі.

"Біз вакцина салдыруға құқығы бар Нью-Джерсидің 21 жастан асқан тұрғындарын ынталандыру үшін "екпе және сыра" бағдарламасын іске қосамыз", - дейді Мерфи.

Азаматтар екпе салдырғаннан кейін вакцинация сертификатын акцияға қатысып жатқан сыраханалардың біріне көрсетіп, уәде етілген сыраны ала алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Эстонияда мамандар буаз сиырдың сүтінен мұрынға арналған спрей жасап шығарғанын жазған едік.

Ғалымдар спрей - сиырдың уыз сүтінен алынған коронавирусқа қарсы антиденесі бар табиғи өнім екенін айтады.

Препарат сатылымға түсетін Benu дәріханалар желісінің баспасөз қызметінің дерегінше, буаз сиырларға коронавирустың ақуызы енгізіліп, нәтижесінде олардың организмі антидене өндіре бастаған. Дегенмен бұл дәрілік зат емес.

Сонымен бірге, Калифорния университетінің мамандары жеке қорғаныш заттары маска мен қолғапты алмастыра алатын спрей ойлап тапқанын хабарлаған едік.

Қоғаныш құралына AeroNabs деген атауы берілген. Оны жасап шығарғандардың айтуынша, спрей организмге коронавирустың енуіне жол бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910864-aqs-ta-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgandarga-tegin-syra-berilmek/