Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегінің түгі бар азамат пойыздың астына түсуге сәл-ақ қалған баланы құтқарып үлгерді

Опубликовано:

Құтқару сәті
Кадр: Viral Press

Үндістанда ержүрек азамат рельске құлап кеткен балақайды ажалдан аман алып қалды.

Бұл жайттың видеосын Viral Press атты YouTube парақшасы жария еткен. Белгілі болғандай, оқыс жағдай Үндістанның Мумбаи қаласында 18 сәуір күні болған.

Анасымен бірге темір жол платформасында келе жатқан балақай рельске абайсызда құлап кетіп, қиын жағдайда қалады. Оның өздігінен релсьтен шықпақ болған талпынысынан де еш нәтиже болмайды.

Оған тіпті анасы да қол ұшын соза алмайды. Себебі әйел адамның көзі көрмейді. Осы кезде жанталасқан анасы мен баласына Маюр Шелке есімді азамат көмекке келеді.

Темір жолда жұмыс істейтін Маюр балаға қарай пойыз жүйткіп келе жатқанына қарамастан, рельске секіріп, соңғы секундтарда оны қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Абырой болғанда, екеуі де дін аман.

Өз өмірін қатерге тіге отырып, балақайды құтқарып қалған азамат марапаттар мен 664 доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда өзенге құлап кеткен көліктің ішіндегі отбасыны жабыла құтқарған ер адамдар көпшіліктің мақтауына ие болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ақмола облысында тәртіп сақшысының 6 жасар қызы қырағылығының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алғаны туралы жазған болатынбыз.

Ол жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910910-zureginin-tugi-bar-azamat-poiyzdyn-astyna-tusuge-sal-aq-qalgan-balany-qutqaryp-ulgerdi/

pixel