Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балконнан салбыраған балақайды құтқарған ер адам көпшіліктің алғысына бөленді (видео)

Опубликовано:

Балақайды құтқару сәті
Фото: People's Daily, China

Қытайда балконнан салбырап тұрған балақайды құтқарған ер адам көпшіліктің мақтауына ие болды.

Бұл жайттың видеосы People's Daily, China атты YouTube парақшасында жария болған.

Балконға салбырап тұрған балақай көмекке асыққан ер адамның арқасында ажалдан аман қалған. Желі қолданушылары қиын жағдайға тап болған баланы өз өмірін қатерге тіге отырып құтқаруға асыққан бейтаныс ер адамға мақтауларын жаудыруда.

Балақайдың балконға қалайша тап болғаны және ата-анасының бұл сәтте қайда болғаны белгісіз. Абырой болғанда, балақайдың балконнан салбырап, құлауға шақ тұрғанын байқап қалған ер адам төменгі қабаттың балконынан оған көмектесуге тырысады. Ол өзге ер адамның көмегімен балақайға дейін қолын созып, оны аяғын тірей алатындай қауіпсіз жерге итереді.

Ержүрек азаматтың көмегімен балақай құлап кетуден аман қалып, бұл жайттан дін-аман құтылған.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда ержүрек азамат рельске құлап кеткен балақайды ажалдан аман алып қалғанын жазған едік. Жүрегінің түгі бар азамат пойыз келгенге санаулы секунд қалғанына қарамастан, балақайға көмектескен.

Сонымен қатар, Қытайда өзенге құлап кеткен көліктің ішіндегі отбасыны жабыла құтқарған ер адамдар көпшіліктің мақтауына ие болғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қытайда қырағы жүргізуші жолға қарай сырғып кеткен бесік арбадағы сәбиді құтқарып қалғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911060-balkonnan-salbyragan-balaqaidy-qutqargan-er-adam-kopsiliktin-algysyna-bolendi-video/

pixel