Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық онколог: Көгерген тамақ бауырдың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін

Опубликовано:

Көгерген нан
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкологы Ілияс Нұрсейітов KAZ.NUR.KZ порталына қандай тамақ бауырдың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін және мәзірден қандай тағамдарды алып тастау керектігін айтып берді.

Ілияс Нұрсейітовтің айтуынша, дұрыс сақталмағандықтан бұзылған өнімдерде пайда болатын зең саңырауқұлақтарын жеп қою бауырда қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Яғни, маман көгерген тамақты жеуге болмайтынын ескертуде.

"Майлы және қуырылған тағамдарды көп тұтыну бауырдың майлы гепатозының және өтте тастардың пайда болуына ықпал етеді, бұл уақыт өте келе бауырдың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін", - дейді онколог.

Одан бөлек, маман алкогольді шамадан тыс пайдалану да қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін екенін айта кетті.

"Бауыр - бұл біздің табиғи сүзгіміз, біз ішетін барлық пайдалы және зиянды заттар бауырда жиналады. Сондықтан ас мәзіріне көбірек көкөністерді, жемістерді және дәнді-дақылдан жасалған өнімдерді қосу керек. Дұрыс әзірленген кез келген тағам пайдалы болуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Сонымен қатар, Ілияс Нұрсейітов тауық пен балықты аптасына кемінде бір рет жеуге кеңес берді. Оның пікірінше, дұрыс тамақтану денсаулыққа оң әсер етеді.

Еске салсақ, бұған дейін суды тамақпен бірге ішкен қаншалықты дұрыс екендігін жазған едік.

Ғалым Төрегелді Шармановтың сөзінше, тамақ ішіп отырып, су ішуге болмайды. Себебі тамақпен бірге ішкен су асқазан сөлін сұйылтып, астың сіңімділігін әлсіретеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911279-otandyq-onkolog-kogergen-tamaq-bauyrdyn-qaterli-isigin-tudyruy-mumkin/

pixel