Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер бүгін, 8 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.

Мамандар еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталатынын жеткізді.

Олардың сөзінше, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Ал батыста және солтүстікте антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста –дауыл, күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дейді синоптиктер.

Жамбыл мен Түркістан облыстарының кейбір аймақтарында найзағай, дауыл, бұршақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Ауа райын болжаушылар Қостанай облысының аумағында жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтілетінін ескертті.

Ақмола, Алматы облыстарында найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Қызылорда, Қарағанды облыстарында да найзағай, жел. Оның жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911567-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel