Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сән апталығы кезінде подиумға "аяғы ауыр ер адамдар" шықты

Опубликовано:

ер адам
Фото: newsyou.info

Лондон сән апталығында подиумға шыққан "аяғы ауыр" ер адамдар көпшілікті таңырқатты деп хабарлайды newsyou.info.

Лондондағы сән апталығында Ксандера Чжоу есімді қытайлық дизайнер көрермендердің таңданысын тудырды.

Бұл жолы подиумға әдеттегідей сәнбикелер емес, "аяғы ауыр" ер азаматтар шыққан.

Дизайнердің ойынша, бұл болашақтың белгісі, яғни алдағы уақытта ер адамдар да қыз-келіншектер секілді бала көтеріп, сәби сүюі мүмкін.

ер адам
Фото: newsyou.info

ер адам
Фото: newsyou.info

Ер адам
Фото: newsyou.info

ер адам
Фото: newsyou.info

Ер адам
Фото: newsyou.info

Еске сала кетсек, бұған дейін ерлер арасында оғаш байқау өткізетін тайпа туралы жазған едік. Африка құрлығының Нигерия, Камерун, Чад аймақтарында Водаабе атты көшпенді тайпа мекендейді. Бұл тайпа әлемге ерекше сұлулық байқауын ұйымдастыруымен танымал. Байқауға тайпаның ең сымбатты деген жігіттері қатысып, жасөспірім қыздар өзінің болашақ жарын таңдайды.

Байқауға қатысатын ерлер бетіне бояу жағып, тісі мен көзінің ағын барынша айқын көрсетуге тырысады (тайпадағы арулар көбіне тістің ақтығына ерекше мән береді). Сондай-ақ, жігіттер шашын өріп, әшекей тағып, ең әдемі киімін киіп шығады. Олар осылайша тайпа аруларының назарын аударып, жеңіске жетуді мақсат етеді.

Одан бөлек, Колумбияда қайын ағасымен бәстескен жігіт әйелдерше төсін үлкейтіп тастағанын жазған болатынбыз. Ол осылайша өз сөзінде тұрған туысына қолдау көрсеткісі келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911955-san-aptalygy-kezinde-podiumga-ayagy-auyr-er-adamdar-syqty/

pixel