Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ауа райын болжаушылар 13 мамырға арналған болжамдарын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін еліміздің шығыс, батыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Аталған өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін

Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталмақ.

Қазақстан бойынша кей жерлерде жел күшейіп оңтүстік пен солтүстікте тұман, оңтүстік батыста шаңды дауыл, шығыста бұршақ күтілуде.

Жамбыл, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Мамандардың дерегінше, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Қызылорда облысы мен Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі, дейді синоптиктер.

Сонымен қатар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1912228-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel