Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар 1 млн доллар ұтып алуы мүмкін

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Огайо штатында алдағы күндері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған америкалықтарға 1 млн доллар берілуі мүмкін деп хабарлайды Politic.

Огайо губернаторы Майк Деуайнның айтуынша, ақша ұтысы лоторея түрінде өтеді. Бірінші кезеңі 26 мамырда, ал кейінгі ұтыс ойындары бес апта бойы әр сәрсенбі сайын өткізіледі.

Ақша ұту үшін қатысушылар 18 жастан асқан болуы, Огайо штатында тұруы және лоторея өткізілгенге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын алуы шарт.

Деуайнның сөзінше, бес жеңімпаз коронавирусқа байланысты көмек кқрсету федералды қорынан 1 млн доллар ақша алады.

"Мен кейбіреулердің "Деуайн, сенің есің дұрыс емес! Сіздің миллион доллар деген идеяңыз ақшаны босқа шашу" дейтінін білемін. Бірақ, шын мәнісінде, пандемияның осы кезеңіндегі нағыз шығын - вакцина қалаған адамға қол жетімді кезде уақытты ысырап ету", - дейді губернатор.

Сондай-ақ Деуайн Огайоның вакцина салдырған 12 мен 17 жас аралығындағы тұрғындары үшін де ұтыс жариялаған.

18 мамырда штатта Огайо мемлекеттік университетіне оқу, тұру, тамақтану және кітаптарды қоса алғанда, төртжылдық шәкіртақы ұтып алғысы келетіндер үшін электрондық портал ашылады. Алғашқы жеңімпаздың есімі 26 мамыр күні белгілі болмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Нью-Джерси штатында коронавирусқа қарсы екпе алған ересек тұрғындарға тегін сыра берілетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1912297-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgandar-1-mln-dollar-utyp-aluy-mumkin/

pixel