Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлімге әкелуі мүмкін": Белгілі дәрігер балалар үшін өте қауіпті жеміс түрлерін атады

Опубликовано:

Александр Мясников
Александр Мясников. Фото: Alexander Shcherbak\TASS via Getty Images

Белгілі дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников балалар үшін қауіпті өнім түрлерін атады деп хабарлайды РИА Новости.

Россия 1 арнасының эфирінде Александр Мясников өрік пен шабдалы дәнектерінде көгерткіш қышқыл болатынын сөз етті. Бұл – ащы бадам иісі бар улы сұйықтық, дейді ол. 

Оның сөзінше, көгерткіш қышқыл денені улап, өлімге әкелуі мүмкін.

"Балалық шағымызда осы дәнектерді таспен шағып жейтінбіз. Жыл сайын осы дәнектерді жейтін балалар көгерткіш қышқылдан уланып көз жұмады", - деді Мясников.

Сонымен қатар, биолог Екатерина Баранова көп жағдайда балалардың шабдалыға аллергиясы болатынын жеткізді.

"Егер сіз қабығы мен ақуызы көп болатын бөлігін тазалап немесе оны қайнатып жіберсеңіз аллергия болмайды", - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913076-olimge-akelui-mumkin-belgili-dariger-balalar-usin-ote-qauipti-zemis-turlerin-atady/

pixel