Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда әр секунд сайын 8 адам вакцина алатыны белгілі болды

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Германия екпе салу бойынша Еуропада көш бастап келеді. Әр секунд сайын бұл елде 8 адам вакцина алады. Демалыс күндері де науқан қарқынды жүреді деп хабарлайды 24.kz

84 миллион халқы бар Германияда 32 миллионнан аса тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Ал екі дозаны да қабылдаған адамдар саны 10 миллионнан асып кетіпті. Әзірше елде медиктер, өрт сөндірушілер, полицейлер мен дүкен сатушыларына екпе салынып жатыр.

Ал келесі айдан бастап жаппай вакциналау басталады. Яғни кез келген адам өзіне екпе салдыра алады. Елде жүргізілген сауалнама бойынша ел тұрғындарының 67 проценті екпе салдыруға қарсы емес.

Жалпы соңғы апталарда ел бойынша коронавирус дертін жұқтыру саны күрт азайған.

"Вакциналау және сақтық шаралары, сондай ақ бір-бірімізге деген жанашырлық пен қамқорлық індеттің үшінші толқынын еңсеруге мүмкіндік берді. Бұл біздің ортақ табысымыз. Ел азаматтарының 70 проценті екпе салдыруға дайын, ал ересектердің үштен екі бөлігі вакцинаның бірінші компонентін алды. Ол да керемет нәтиже", - дейді Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913888-germaniyada-ar-sekund-saiyn-8-adam-vakcina-alatyny-belgili-boldy/

pixel