RU

Коронавирус вакцинасы: Әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болған

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Әлемде вакциналау басталғаннан кейін 9 жаңа миллиардер пайда болған. Олардың жиынтық пайдасы $19,3 млрд құрайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кейбір деректер бойынша бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті болар еді.

Ең көп табыс тапқан Мoderna және BioNTech басшылары болып отыр. Сонымен қатар миллиардерлер тізіміне төмендегілер кірді:

* иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд.) * Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд.) * Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд.) *ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд.) * қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд.) * CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд) * СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Германия коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша Еуропада көш бастап келе жатқанын хабарлаған едік. Әр секунд сайын бұл елде 8 адам вакцина алады. Демалыс күндері де науқан қарқынды жүреді.

84 миллион халқы бар Германияда 32 миллионнан аса тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913920-koronavirus-vakcinasy-alemde-9-zana-milliarder-paida-bolgan/