Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз-өзіне тұрмысқа шығып, той жасаған әйел "бақытты некесінің" 11 жылдығын атап өтті

Опубликовано:

Той
Фото: walesonline.co.uk

Ұлыбритания тұрғыны жігіт атаулыдан көңілі қалғанын айтып, өз-өзіне тұрмысқа шыққан болатын. Сол кезде дүркіретін тойын жасаған әйел бүгінде "бақытты некесінің" 11 жылдығын атап өтті деп жазады Daily Star.

Өз-өзіне тұрмысқа шығып алған Карен Рид есімді әйел Порт-Талбота (Оңтүстік Уэльс, Ұлыбритания) қаласында тұрады. Отбасылы болуды әрі қалыңдық атануды армандаған Карен ақыры ерекше жақсы көретін адамына - яғни өз-өзіне тұрмысқа шығуды ұйғарған.

Той
Фото: SWNS

2010 жылдың мамырында ол той көйлегін сатып алып, қымбат лимузин жалдап, 16 қонақты өз тойына шақырады. Карен тойға 1130 долларын сарп еткен.

Той
Фото: SWNS

"Мен шамамен 40 жасқа толғандықтан, тұрмысқа шығуға әзір едім. "Не себепті, бәрінен де ерекше жақсы көретін адамыма тұрмысқа шықпасқа" деп ойладым. Бәлкім, бұл менмендік болып көрінер, десе де мен өзімді бәрінен жоғары санап, жақсы көруді үйрендім. Бұл мен үшін әйелдер құқы мен мүмкіндіктерін кеңейтудің ең жоғары деңгейі секілді", - дейді Карен.

Той
Фото: SWNS

Бастапқыда Кареннің той жасау туралы бастамасын достары да, жақындары да қолдай қоймаған. Десе де райынан қайтқысы келмеген әйел ақыры арманындағы тойды жасай алған.

Той
Фото: walesonline.co.uk

Шіркеуге Каренді оның сексендегі әкесі ертіп алып барып, әйел өз-өзіне серт береді. Оның алты бірдей құрбысы тойға қатысып, тіпті олардың арасында Кареннің 21 жастағы Эви есімді қызы да болған. Ал тойда шафер болу құрметі Гарет Томас есімді досына бұйырыпты. Ерекше той жүздеген куәгердің қызығушылығын тудырған.

Той
Фото: walesonline.co.uk

Некесін қидырғаннан кейін әйел қонақтарға Morgan отелінде мерекелік дастархан жайған.

Той
Фото: walesonline.co.uk

Содан бері талай жыл өтсе де бірде бір ер азаматпен көңіл жарастыра алмаған Карен 11 жыл бойы "бақытты некесін" бұзуды еш қаламағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915183-oz-ozine-turmysqa-sygyp-toi-zasagan-aiel-baqytty-nekesinin-11-zyldygyn-atap-otti/

pixel