Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жақында Күннің тұтылуын көре алады

Опубликовано:

Күннің тұтылуы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтар 10 маусымда Күннің тұтылу құбылысын көре алады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың болжамы бойынша, биыл екі рет ай, екі рет күн тұтылуы ықтимал. 10 маусымда ай күннің бетін көлегейлеп, соның әсерінен Күн тұтылмақ.

Ерекше табиғи құбылыстың ең қанық көрінісі Солтүстік Америкада, Солтүстік Мұзды мұхитта және Ресейдің солтүстік-шығыс бөлігінде, Чукоткада байқалуы мүмкін.

Ал Қазақстан аумағында тұтылудың тек жекелеген фазалары ғана көрінеді деп болжанып отыр. Тіпті күнді арнайы бақыламаса, оның бетіндегі құбылысты аңғармай қалуға да болады.

Мамандардың сөзіне сенсек, қазақстандықтар бұл сәтті 10 маусым күні түстен кейін көруі мүмкін.

Қазақстандықтардан бөлек Ресей, Украина, Беларусь, Балтық елдері, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары да Күннің тұтылуының куә бола алады.

Ал Якутияның солтүстік-шығысында Ай Күннің бетін 94 пайызға дейін жабады деп болжанып отыр. Жылдың екінші Күн тұтылу құбылысы 4 желтоқсан күні болуы ықтимал. Алайда келесі Күннің тұтылу сәтін тек Антарктида мен оның айналасынан ғана көруге болады дейді мамандар.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғындары аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресейдің Камчатка түбегінде көкте жарылған метеорит көпшіліктің назарына іліккенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915376-qazaqstandyqtar-zaqynda-kunnin-tutyluyn-kore-alady/

pixel