Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог ағзаға ең пайдалы жидекті атады

Опубликовано:

Жидектер
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық диетолог Эми Гудсон адам денсаулығына ең пайдалы жидекті атады деп хабарлайды Lenta.ru.

Маманның сөзінше, жидектердің жемістерге қарағанда адам ағзасына пайдасы зор.

"Олардың құрамында өсімдік талшықтары, С дәрумені және күшті антиоксидант флавоноидтер бар", - дейді Эми Гудсон.

Айтуынша, жидектерде кез келген жеміске қарағанда өсімдік талшықтары көбірек. Мәселен, бір стақан таңқурай немесе бүлдіргенде сегіз грамм талшық бар, яғни бұл бір күндік норманың үштен бірі.

Сонымен қатар, жидектердегі өсімдік талшықтары асқорытуды жақсартып, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін пайдалы болмақ.

Осы ретте диетолог қартаюды бәсеңдететін антиоксиданттардың мөлшері бойынша тек анар ғана жидектермен бәсекеге түсе алатынын айтады.

Ал жидектер арасында қаражидектің пайдасы көбірек екен. Өйткені оның құрамында антиоксиданттар көп.

"Жидектерді сүт қосылған қауыздарға, сұлыға немесе йогуртқа қосуға болады. Сондай-ақ, оларды салаттарға қосып, смузи немесе шырын жасауға, не болмаса тәтті ретінде жай ғана өзін жей беруге болады", - дейді Эми Гудсон.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов баланың рационына жеміс-жидек көбірек қосу керектігін айтқан еді.

Оның сөзінше, зиянды сусынның орнына дәруменге бай қымыз бен шұбатты ішкен жөн. Қымыз бен шұбат қатерлі ісіктен, диабет пен остеопороздан сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915478-dietolog-agzaga-en-paidaly-zidekti-atady/

pixel