Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің бұрынғы әйеліне бір бүйрегін берген әйел көпті таң қалдырды

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

АҚШ-та көпшілікті таң қалдыратын жағдай орын алды. Күйеуінің бұрынғы әйеліне бір бүйрегін берген Дебби Нил-Стрикленд жайлы бүгінде әлемдік БАҚ жарыса жазуда деп хабарлайды Комсомольская правда.

Америкалық Джим мен Майлен осыдан 20 жыл бұрын ажырасып кеткен. Алайда араларындағы екі бала үшін бұрынғы ерлі-зайыптылар ара-қатынасын үзбей, араласып тұрған.

Бір қызығы отағасы Джим арада біршама уақыт өткен соң, Дебби Нил-Стриклендді кездестіріп, онымен екінші рет отау құрған. Ерлі-зайыптылар тіпті отбасылық отырыстарда бұрынғы әйелі Майленді де көріп тұрған.

59 жастағы Майленнің жылдар бойы бүйрегі ауырып келген. Ал биылғы жылдың басында оның қос бүйрегінің бар-жоғы 8 пайызы ғана жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Дәрігерлер Майленге бүйрек трансплантациясы керек дегенімен, оған сәйкес келетін донор табылмаған.

Майленнің соңғы үміті туған ағасында болған. Алайда, оның да соңғы сараптамалары бүйректі ауыстыруға келмейтінін көрсеткен.

Дебби мұны біле сала, Майленге донор болуға келіседі. Оның айтуынша, бұған дейін де муковисцидоз дертіне шалдыққан ағасына бүйрек доноры болуға ниеттеніпті. Алайда, ағасы кенеттен қайтыс болып, Дебби оны құтқара алмаған көрінеді.

Бүйрек ауыстыру отасы бірнеше ай бойы жүргізілген тексерістен соң сәтті өткен. Майлен бүгінде құлан-таза айыққан.

Ал Джим мен Дебби некесін қидырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915880-kuieuinin-buryngy-aieline-bir-buiregin-bergen-aiel-kopti-tan-qaldyrdy/

pixel